Сол сияқты төрт жолаушы зардап шекті
Батыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы болып, үш адам қаза тапты. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі «Мой город» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Апат Жәнібек ауданындағы Өнеге ауылының маңындағы Қазталов-Өнеге-Жәнібек тас жолында болды.
«Ford Focus жүргізушісі жүк көлігін басып озбақ болғанда қарсы беттегі Chevrolet Cobalt-пен соқтығысты. Апат салдарынан үш адам қаза тапты: Ford Focus жүргізушісі, сондай-ақ Chevrolet cobalt жүргізушісі мен жолаушысы» - деді БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, жол апатынан Ford Focus-тың төрт жолаушысы зардап шекті. Олар түрлі жарақаттармен медициналық мекемеге жеткізілді.
Полиция оқиғаның мән-жайын анықтайды.