Ер адам базарда сауда жасап жүргендердің бірін пышақтап өлтірді

Автор: Мөлдір Қазыбай

Күдікті автотұрақ тәртібіне жауапты бірнеше қызметкерді де пышақтап тастаған

Фото: istockphoto.com

Францияда лаңкес базарға келушілерге пышақпен шабуыл жасады. Салдарынан бір адам қаза тапты. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі BILD басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Шабуыл Германиямен шекаралас Мюлуз қаласында болды. Полицейлер қылмыскерді залалсыздандырып, қолға түсірді. Оның қолында пышақ пен бұрағыш болған.

Бұл туралы Франция президенті Эммануэль Макрон мәлімдеп, терроризм әрекеті болғанын айтты. Тергеуді терроризмге қарсы прокуратура өз қолына алды.

Тергеу дерегіне сәйкес, күдікті автотұрақ тәртібіне жауапты бірнеше қызметкерді де пышақтап тастаған.

Қылмыскер депортациялауға жататын және террористік қауіп төндіретін адамдар тізімінде болған.