Көлік қозғалысының шектелуіне ауа райының қолайсыздығы әсер еткен
Қызылорда облысының тас жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, кейбір республикалық маңызы бар тасжолдарда ауа райының қолайсыздығына байланысты көліктің барлық түріне қозғалысқа шектеу енгізіледі.
«РФ шекарасы-Мәртұқ-Ақтөбе-Қарабұтақ-Қызылорда-Шымкент-Тараз-Қордай-Алматы-Қорғас-ҚХР шекарасы» жолының 1474-1806 шақырымы (Әйтеке би кенті – Қызылорда қаласы) учаскесі жабылады.
Жолдың болжамды ашылу уақыты 24 ақпан, 03:00.