Ерлі-зайыптылар арасындағы жанжалдың видеосы әлеуметтік желіде тарап кеткен
Ақтауда ерлі-зайыптылар арасында болған жанжал әлеуметтік желіде тарап, полиция назарын аудартты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Lada.kz-ке сілтеме жасап.
«Желіде тараған видеода ер адамның әйеліне қол көтергені байқалады. 22 ақпанға қараған түні Ақтаудың 12-ықшамауданында болған оқиға бойынша құқық қорғау органдары отбасылық жанжалдың қатысушыларын анықтады», — деп жазады басылым.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, оқиғаның мән-жайы анықталғаннан кейін, ерлі-зайыптылар бұл тек түсініспеушілік болғанын айтып, ешқандай шағымдары жоқ екенін мәлімдеген.
«Олар бейнежазбаның интернетке тарап кететінін білмеген», – деп түсіндірді полиция өкілдері.
Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын тексеруді жалғастырып жатыр.