Ол барлығымен жеке-жеке сөйлесетінін айтты
Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді Бишімбаев ісінде өзін қорғаған 4 адвокатпен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
«Сот процесінен бері бір жылға жуық уақыт өтті. Осы уақыт ішінде қарым-қатынасымыз нығайып, бірнеше істер бойынша бірге жұмыс істедік – бірде Жаннамен, бірде Игорьмен, Әлиямен немесе Дамирмен. Бәріміз жиі сөйлесеміз, бірақ дәл осылай бір үстел басында бас қосып, ашық әңгіме құруға мүмкіндік болмаған еді», - деді ол.
Амангелді атағандай, талқылау кәсіби тәжірибе, қазіргі құқықтық мәселелерге ойысқан.
«Біз бір-бірімізді толықтырып, әрқайсымыз өз көзқарасымызды ұсынып, түрлі шешімдерді ортаға салдық.Адвокаттардың жұмысы қаншалықты маңызды екенін тағы бір рет түсіндім. Маған осы сала ұнайды – күрделі мәселелерді зерттеп, оларды шешудің балама жолдарын табу ерекше қызығушылық тудырады», - деді ол.
Еске салсақ, экс-министр Қуандыық Бишімбаев жұбайы Салтанат Нүкенованы ұрып өлтіргені үшін 24 жылға сотталды.