21.02.2025, 04:00
Жаңалықтар
Автонесие алу жеңілдетілді: екі жылда көлік алып үлгеріңіз
Қазақстанда автонесие алу талаптарын жеңілдететін түзетулер күшіне енді
Фото: pixabay.com
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қаулысына сәйкес, қарыз жүктемесінің коэффициентін есептеу ережесіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұған дейін жаңа автокөлік сатып алу үшін көлікті кепілге қою арқылы несие алған кезде қарыз алушының жалпы төлем жүктемесі есептелмейтін. Жаңа түзетулер бұл талапты 2025 және 2026 жылдарға тоқтатады.
Яғни мына жағдайларда талап тоқтатылады:
- жаңа автокөлік сатып алу;
- 50 пайыздан жоғары бастапқы жарнамен ескі автокөлік алу;
- 30-50 пайыз аралығындағы бастапқы жарнамен үш жылға дейін пайдаланылған автокөлік сатып алу.
Ведомство бұл өзгерістердің мақсаты – отандық автоөнеркәсіпті қолдау және жеңілдетілген автонесие бағдарламасының тиімділігін арттыру екенін мәлімдеді. Сонымен қатар кепілге қойылған автокөліктер дефолтқа ұшырамауы үшін кешенді сақтандырумен қамтылады.
Көп оқылған
19.10.2026, 09:24
Дильназ Ахмадиева мен «Азия» тобының ашық-шашық клипі үшін Алматыдағы колледж жазаланатын болды (ВИДЕО)
19.10.2026, 10:58
Мейрамбек Бесбаев 50-ге толды: туған жерінің қазіргі әкімі әншіге шапан жауып, бір құшақ гүл сыйлаған (ВИДЕО)
19.10.2026, 23:19
Қызының дүниеге келуін атап өткен: Абай облысының тұрғыны екінші рет сотталып кетті
19.10.2026, 15:25
Қазақстандықтардың әл-ауқатын болжайтын калькулятор істен шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды