Тұрғындар 8:00-де жұмысты бастайды
5 қаңтардан бастап Катонқарағай ауданында мемлекеттік және әлеуметтік мекемелер үшін жаңа жұмыс кестесі пилоттық режимде енгізілді, жұмыс уақыты бір сағатқа кері шегерілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Altainews.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл өзгеріс 2024 жылдың желтоқсанында облыстық басқарма басшыларының жұмыс сапары кезінде тұрғындармен кездесу барысында ұсынылған.
«Жұмыс күнінің басталуын таңғы 8:00-ге ауыстыру – климаттық жағдайларды, жергілікті тұрғындардың өмір салтын және аймақтың экономикалық белсенділігін ескере отырып қабылданған шешім. Бұл қадам еңбек өнімділігін арттырып, ауданның дамуына оң әсер етеді» – деп мәлімдеді аудандық ішкі саясат бөлімі.