$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Семей тұрғыны ұлын оқуға түсіру үшін танысына 2,5 млн теңге беріп жіберген

Берілген уәде сол қалпы орындалмаған, ақшасы да қайтарылмаған

Семей тұрғыны ұлын оқуға түсіру үшін танысына 2,5 млн теңге беріп жіберген
Фото: istockphoto.com

Семей тұрғынына танысы ұлын оқуға түсіріп беретінін айтып, ақшасын алған соң із-түзсіз кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық ПД мәліметінше, өткен жылдың мамыр айында ер адам досына 2,5 миллион теңге берген. Бұл үшін оған ұлын университетке оқуға түсіруге көмектесуге уәде берді.

Алайда, берілген уәде сол қалпы орындалмаған, ақшасы да қайтарылмаған. Семей тұрғыны амалсыздан полицияға жүгінген.

«Тергеу барысында күдіктінің жеке басы анықталды. Ол 55 жастағы Семей қаласының тұрғыны болып шықты. Әйел адам өз кінәсін мойындады, бірақ алған ақшаның жұмсалып кеткенін және қайтара алмайтынын айтты», - деп хабарлады Абай облыстық ПД.

Қазіргі уақытта әйел адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары