$ 502.47  525.83  5.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Абай облысында үш баланың анасы төртінші баласына босанған кезде сәбиімен бірге көз жұмды

Абай облысында 34 жастағы жүкті әйел құрсағындағы баласымен бірге көз жұмды

Абай облысында үш баланың анасы төртінші баласына босанған кезде сәбиімен бірге көз жұмды
Фото: видеодан кадр

Марқұмның туыстары әділдік талап етуде. Олардың айтуынша, қайғылы жағдайдан кейін қызметінен шеттетілген дәрігерлер қайтадан жұмысқа кіріскен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy КТК арнасына сілтеме жасап.

«Облыстық денсаулық сақтау басқармасы аудандық бас дәрігерге қатаң сөгіс жариялап, екі орынбасарын қызметінен шектеді. Алайда біраз уақыттан кейін бұл екі орынбасар қайтадан сол аурухананың басшылық құрамына тағайындалды. Халық бұл жағдайға таңғалып отыр», – деді Ұлан Балапанов.

Қайғылы оқиға 30 қаңтарда Үржар ауданында болған. Төртінші баласын босануға келген Гүлнәр Қайратқызының ауруханадан мәйіті шыққан. Туыстары оның денсаулығында ешқандай кінәрат болмағанын айтады. Сондықтан олар дәрігерлердің салғырттығынан көз жұмды деп есептейді. Айтуларынша, дәрігерлер әйелге дәрі егіп, «бір тәулік күтеміз» деп ауруханада қалдырған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері дәрігерлердің қайта қызметке оралуына нақты жауап бере алмады. Олар тек босану кезінде тиісті ем-шаралар медициналық нұсқаулыққа сай жүргізілді деп мәлімдеді.

«Гүлнәр Қайратқызының өліміне босану кезінде пайда болған асқыну себеп болды. Бірақ сот-медициналық сараптаманың түпкілікті қорытындысы шықпағандықтан, әзірге нақты диагнозды түсіндіре алмаймыз», – деді Абай облысы денсаулық сақтау басқармасы бөлім басшысының орынбасары Әсем Орынбаева.

Серіктес жаңалықтары