Марапаттау рәсімі Ақтау қаласында өтті
Ақтаудағы ұшақ апатында көмекке ұмтылған қазақстандық құтқарушыларды Әзербайжанның төтенше жағдайлар министрі арнайы медальмен марапаттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Марапаттау рәсімі Ақтау қаласындағы Әзербайжан Республикасының елшілігінде тапсырылды.
«Әзербайжан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-полковник Кямаледдин Гейдаровтың бұйрығына сәйкес қазақстандық құтқарушылар «Әзербайжан әуе жолдары» ұшақ апатының салдарын жойғаны және құтқару операциясына қатысқаны үшін «Ынтымақтастық үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Марапаттарды Ақтау қаласында Әзербайжан Республикасының Бас консулы Айхан Сүлейманлы табыстады», - делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.