Оларға жол-жөнекей адамдар көмек беріп жатыр
Желіде Шымкенттен шығып Меккеге қарай жол тартқан екі блогердің видеосы тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әлеуметтік желіде Халық баласы лақап атымен танымал блогер қасына Ансар Армиянов есімді бауырын ертіп Меккеге жол тартты. Мақсат – велосипедпен діттеген жерге жету.
Алайда жігіттерге ауа райының құбылып, аяздың күшеюіне байланысты Қазалыдан бастап, батысқа қарай көлікке мінуге тура келді. Оларды TikTok-тан таныған жұрт өздері Ақтауға дейін көлікпен апарып тастауға ұсыныс білдірген екен.
Қазір олар Ақтөбеге жетті. Алда 5 мың шақырым жол.