Істің соңғы нүктесі қойылды
Жұлдыз Әбдікәрімова үй сатып алу дауына қатысты сотта екі рет жеңілгеннен кейін мәселені медиация тәртібімен реттеуге келісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы журналист Динара Сәтжан Instagram парақшасында мәлімдеді.
«Өткен аптада Жұлдыз бұл мәселені жапты. Медиация арқылы Диляра мен саяжай қауымдастығына қатысты барлық жазбаларды өшіру туралы шешім қабылданды. Әрине, бұл жағынан да Жұлдызды қолдаймын», – деп жазды Сәтжан.
Өткен жылдың қыркүйегінде Жұлдыз Әбдікәрімова жақын ортасындағы біреудің оны алдап кеткенін айтқан болатын. Ол сеніміне кірген адамның қиын-қыстау кезеңде жанынын табылып, сол уақыт ішінде бірнеше құжатқа қол қойдырып алғанын мәлімдеген.
Алғашқы сот инстанциясы актрисаның талап-арызын қанағаттандырмады. Кейін ол Астана сотына апелляциялық шағым түсіргенін хабарлады. Кейін белгісіз адамдар оған және оның айналасындағыларға қысым көрсеткені белгілі болды.