Оқиға БҚО-ның Сырым ауданында болды
Қазақстандық құтқарушылар Қырғыз Республикасының азаматтарына көмек көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚР ТЖМ мәліметінше, Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданына қарасты Бұлдырты ауылының маңында жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойып, көліктің жүргізушісі құтқарушылардың көмегіне жүгінді.
«Құтқарушылар жедел әрекет етіп, көлікті арнайы ТЖМ автокөлігінде орнатылған жүкшығырдың көмегімен қар құрсауынан сәтті шығарды», - делінген министрлік хабарламасында.