Оқиға тұрғын үйдің ауласында болған
Мәскеуде 48 жастағы ер адам өз үйінің ауласында 78 жастағы зейнеткерді аяусыз соққыға жығып, өлімге душар етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Abzats басылымына сілтеме жасап.
Ақпарат құралдарының мәліметінше, қария аулаға мысықтарды тамақтандыру үшін шыққан. Сол сәтте ішімдік ішіп отырған ер адаммен жанжалдасып қалғаг. Көршілердің айтуынша, күдікті қарт кісінің ескертуін ұнатпай, оған шабуыл жасаған.
Оқиға орнына келген дәрігерлер зейнеткердің қайтыс болғанын растады. Полицейлер күдіктіні ұстады, ал прокуратура оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.