Өрт бірінші қабаттағы дүкенде болған
Қостанайда жанып жатқан үйде 25 адам қалып қалғаны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мәліметінше, Чкалов көшесінде бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан дүкенде тоңазытқыш пен кассалық аппарат өртенген.
«Жедел келген өрт сөндірушілер 5 ш.м. алаңдағы өртті сөндіріп, жоғарғы қабаттардан 25 адамды, оның ішінде 7 баланы эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда.
Өрт орын алған жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыз!» - делінген хабарламада.