Өмірінің соңғы секундтары: адам шошырлық жол апатының видеосы тарады

Автор: Мөлдір Қазыбай

Жеңіл көлік жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысты

Фото: Видеодан скрин

Ресейде жантүршігерлік жол апатының видеосы желіде жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жол апаты Ресейдің Новосибирь өңірінде болған. Жүргізуші 131 км/сағ жылдамдықпен жүйткіп бара жатқаны көрінеді. Жол апатына ұшырар алдында қарсы бетте келе жатқан қар тазалайтын көліктен қашқақтаймын деп тайғанап, қарсы бетке шығып кеткен. Салдарынан жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысады.

Жол-көлік оқиғасынан 29 жастағы жүргізуші мен 26 жастағы бойжеткен оқиға орнында тіл тартпай кетті.

Жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, оқиға 18 қаңтар күні болған.