Қостанай облысында қар құрсауында қалған үш адам құтқарылды

Автор: Дәулет Ботагөз

Жолаушылар медициналық көмекке мұқтаж болмады

Фото: ТЖМ

Қостанай облысында қарға қамалып қалған үш адам құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Арқалық – Жезқазған тас жолында жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойған. Көлікте үш адам болған. Олар өздігінен шығуға қауқарсыз болғандықтан, Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары көмекке келген», — делінген хабарламада.

Құтқарушылар оқиға орнына жетіп, көлікті қардан шығарып, қауіпсіз жерге дейін жеткізді. Абырой болғанда, жолаушыларға медициналық көмек қажет болмады.