Алматы облысында қалың тұман салдарынан бірден екі тасжол жабылып қалды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Көлік қозғалысы 15 ақпан күні таңертең ашылуы мүмкін

Фото: istockphoto.com

14 ақпан күні кешке қою тұман мен көрінудің тым нашарлауына байланысты Алматы облысының тас жолдарында көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Шектеу Алматы – Шелек – Қорғас және Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха жолдарына енгізілді.

Көлік қозғалысы 15 ақпан күні таңертең ашылуы мүмкін.