«Құрбымның жігітімен сүйіскен жоқпын»: танымал актрисалар бір-бірінің айыбын ашты

Автор: Асыл Арман

Олар өмірдегі қателіктерін тізбектеп шықты

Фото: Видеодан скрин

Танымал актрисалар Жазира Еркін мен Фариза Ескермес «Мен ең болмағанда» трендін түсіріп, бір-бірінің айыбын ашты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Видеода Жазира әріптесі сияқты актриса болып, курс сатпайтынын айтты.

«Мен ең болмағанда киноға түсу үшін құрбымның күйеуімен сүйіскен жоқпын», - деп Жазира Еркін Фариза Ескерместің ешкім білмейтін айыбын ашып берді.

Ал Фариза Ескермес құрбысының мысық асырап, оны аяғыда біреуге беріп жібергенін айтты.

«Мен ең болмағанда 30-ға дейін байсыз жүрген жоқпын», - дейді Фариза Ескермес.