«Сауд Арабиясы екеуіне де ыңғайлы жер»: Песков Трамп пен Путиннің кездесуі жайлы айтты

Автор: Аягөз Құрмаш

Бұл кездесуге қатысты ресми шешім әзірге белгісіз 

Фото: ТАСС

Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамп Сауд Арабиясында кездеседі деген ақпарат тараған. Дегенмен, Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бұл мәселе бойынша нақты шешім әлі қабылданбағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 «Сауд Арабиясы — біздің түрлі салалардағы конструктивті әріптесіміз. Осы тұрғыдан алғанда Эр-Рияд екі ел үшін де кездесу орны ретінде қолайлы»,– деді Дмитрий Песков.

Сондай-ақ, Песков алдағы келіссөздерде АҚШ-ты Ресейдің негізгі әріптесі ретінде қарастыратынын атап өтті. Оның айтуынша, Мәскеу мен Вашингтон арасындағы жұмыс байланыстары жақын күндері кеңейе түседі.

 

Тегтер: