Шымкентте есірткі өсірген адам ұсталды

Автор: Асыл Арман

Тінту барысында 7 килограммнан аса «альфа-PVP» есірткі құралы табылды

Фото: ҰҚК

ҰҚК Шымкентте зертхана ашып, есірткі өсірген Қазақстан азаматын 6 ақпан күні қолға түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Психотроптық заттарды дайындау барысында ұсталған азамат соттың санкциясымен қамауға алынды.

«Тінту барысында 7 килограммнан аса «альфа-PVP» есірткі құралы, 500 литр прекурсорлар мен зертханалық жабдықтар тәркіленген.

Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - делінген ҰҚК хабарламасында.