Марқұмның өліміне не себеп болғаны әзірге белгісіз
Алматыда 2 ақпан күні жоғалып кеткен 50 жастағы Иван Буряков қайтыс болды. Бұл туралы еріктілер қозғалысы әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жоғалып кеткен күні Иван кешкі сағат 19:00-ге таман үйінен шығып, сол қалпы хабарсыз кеткен.
Ер адамды еріктілер бір аптадан астам уақыт бойы іздеді. Марқұмның өліміне не себеп болғаны әзірге белгісіз.