Қазақстанда былтыр 41 мыңға жуық отбасының шаңырағы шайқалып, ажырасып кеткен

Автор: Асыл Арман

Ұлттық статистика бюросы неке қию мен ажырасу бойынша ресми мәлімет жариялады

Фото: istockphoto.com

Қазақстанда былтыр 123 651 неке тіркеліп, 40 647 отбасы ажырасып кеткен. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бюро мәліметінше, 2024 жылы елге келген (тұрғылықты тұруға ықтиярхат алған) адам саны – 29 948 адам, кеткен – 12 784 адам көші-қонның оң сальдосы 17 164 адамды құрады.

2023 жылмен салыстырғанда Қазақстанға келгендер саны 17,9%-ға өссе, кеткендер саны 20,4%-ға азайған. Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД елдерімен жүзеге асады. ТМД елдерінен келгендердің үлесі 81,1%-ды, ал көшіп кеткендердің үлесі 74,9%-ды құрады.

«Ел ішінде көшіп-қонушылардың саны 2023 жылмен салыстырғанда 47,6%-ға өсті.

Өңіраралық қозғалыстар бөлігінде халықтың көші-қонының оң сальдосы еліміздің төрт облысында байқалды: Астана (73 238 адам), Алматы (36 061), Шымкент (9 361) және Алматы облысында (2 639)», - делінген хабарламада.