Азия ойындары: Қазақстан хоккейден Гонког командасына жауапсыз 24 гол соқты

Автор: Асыл Арман

Қазақстан жартылай финалға шықты

Фото: Olympic.kz/Сали Сабиров

Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия ойындарының ширек финалында ірі жеңіске жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Харбинде (Қытай) өткен кездесуде Қазақстан құрамасы Гонконг командасын ірі есеппен жеңді. Есеп – 24:0.

Ұлттық құрама осы жеңісі арқылы Азия ойындарының  жартылай финалына жолдама алды. Бұл кезеңнің матчтары 13 ақпанда өтеді.