Былтыр 133 592 адам қайтыс болды
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанда былтыр 12 ай ішінде 368 670 сәби дүниеге келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дүниеге келген сәбилердің арасында ұлдар – 190 213, қыздар – 178 457. Туу көрсеткішінің ең жоғары деңгейі Түркістан (1000 тұрғынға 25,05 адам), Маңғыстау (24,47) облыстарында және Шымкент қаласында (23,68) байқалды.
«Аталған уақыт ішінде 133 592 адам қайтыс болды. Өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі Солтүстік Қазақстан (1000 тұрғынға шаққанда 11,57), Шығыс Қазақстан (11,29) және Қостанай (10,18) облыстарында байқалды, бұл осы аймақтардағы халықтың жас құрылымына байланысты.
2024 жылғы қаңтар-желтоқсанда елге келгендер (ықтиярхат алған) саны 29 948 адамды құраса, елден 12 784 адам кеткен. Көші-қонның оң сальдосы 17 164 адамды құрады. 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда Қазақстанға келгендер саны 17,9% көбейсе, елден кеткендер саны 20,4% азайған», - делінген бюро статистикасында.