Кадрдан аяғы тәлтіректеп, өзінің орнына әрең отырғанын байқауға болады
Тойлардың бірінде ішімдікке әбден сылқия тойған ер адамның домалап жүрген видеосы тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кадрдан аяғы тәлтіректеп, өзінің орнына әрең отырғанын байқауға болады. Желі қолданушылары оның бұл әрекетін қатаң сынға алды.
«Әй, қу арақ, жастарды құртатын болды», «Достары қайда? Ана жерден масқарасын шығармай алып кетпейме. Ұят болды ғой», «Қор болған жастарым-ай, жастайынан араққа мас болып», «Сол арақ бір дерт болды-ау». «Арақсыз той өтпейді, келген қонақтардан ұят болады деп», «Асабаларға айыппұл салу керек, миды айналдыратын ойын ойнатқаны үшін», - деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, жуырда тойға тым ашық киініп келген бойжеткен сынға ұшыраған болатын.