Мұндай көрсеткіш бұрын-соңды болмаған
2024 жылы Қытайда барлығы 6,106 миллион жұп ресми түрде некеге отырды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 1,574 миллионға немесе 20,5 пайызға аз. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Синьхуа басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Көршілес елде 2013 жылы 13,469 миллион жұп неке қиған, содан кейін бұл көрсеткіш 2014 жылдан бастап жылдан жылға төмендей бастады: 2019 жылы 10 миллион болса, 2021 жылы 8 миллион, 2022 жылы 6,835 миллионға дейін төмендеді. Тек 2023 жылы өсім пайда болып, 7,68 миллион жұпты құрады.
Сонымен қатар, аталған министрліктің статистикасына сәйкес, өткен жылы Қытайда тіркелген ажырасулар саны 1,1 пайызға артқан. Жылдық есеппен 2,621 млн жұпқа дейін ажырасады.