Қарағандыда 13-14 жастағы жасөспірімдер миллиондаған теңгенің заттарын ұрлап кеткен

Автор: Асыл Арман

Олардың арасында 16 жастағы жасөспірім қамауға алынды

Фото: istockphoto.com

Қарағандыда өнеркәсіп ұйымдарынан құнды заттар ұрлағандар қолға түсті. Келтірілген жалпы шығын көлемі 3 миллион 200 мың теңгені құрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық ПД мәліметінше, өткен жылдың қараша айының соңы мен желтоқсан айының ортасында полицияға қаладағы үш өнеркәсіптік ұйымдардан ноутбук, радиаторлар, тоңазытқыштар және мыс кабельдері ұрланғандығы туралы хабарлама түсті. Келтірілген жалпы шығын көлемі 3 миллион 200 мың теңгені құрады.

«Михайлов полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізген кешенді жұмыстар барысында аталған ұрлықтарға ұқсас жасалған қылмыстық әрекеттерді анықтады.

Тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде жасалған қылмыстарға қатысы бар 16 жастағы қарағанды қаласының тұрғынымен 13 пен 14 жас аралығындағы екі жасөспірімнің қатысы бары анықталды.

Дәлелдемелер жинақталып, істің ақ-қарасы анықталған соң полиция қызметкерлерімен күдіктілер ұсталды. Айғақ заттардың жартысы алынып, қалғандарын табу бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде. Күдіктілердің үлкені қамауға алынса, қалған екеуіне қатысты ешқайда кетпеу бұлтартпау шарасы қабылданды. Тергеу әрекеттері барысында қылмысқа қатысушылардың әрқайсысының әрекетіне құқықтық баға берілетін болады», - делінген хабарламада.