«Күйеуге шығып, жоқ болып кетті»: Кәмшат Жолдыбаева әншілікті тастап, психолог болып кетті ме

Автор: Асыл Арман

Желі қолданушылары әншінің бұл шешіміне алаңдаушылығын білдірді

Фото: Instagram/ kamshat__zholdybayeva

Танымал әнші, актриса Кәмшат Жолдыбаеваның сахнадан көрінбей кеткеніне көпшілік алаңдаушылығын білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әншінің Instagram парақшасында әйелдерге арналған психолог екені жазылған. Ал жазбаларында небәрі 41 жарияланым қалдырып, қалғанын өшіріп тастағанын көруге болады.

Желі қолданушылары әншінің бұл шешіміне алаңдаушылығын білдірді.

«Осы Кәмшатқа не болды деп уайымдап жатқандар біргеміз», «Бүгін сізді арнайы іздеп парақшаңызға кірдім. Күйеуге шығып, жоқ болып кеткеніңіз өкінішті», «Көрінбейсің, қайда жүрсің?», «Кәмшат, көрінбей кеттіңіз ғой. Барлығы жақсы ма?» - деп жазды желі қолданушылары.