Ол ағылшын клубына 2026 жылдың жазында қосылады
«Қайрат» командасының ойыншысы Дастан Сатпаев Англияның «Челси» ұжымына ресми түрде ауысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Отандасымыз 2026 жылғы жазда кәмелетке толған соң ағылшын клубына ресми түрде қосылады. Ол уақытқа дейін Сатпаев «Қайрат» сапында өнер көрсетеді.
Дастан Алматыда дүниеге келген. Сегіз жасында «Қайрат» академиясына түсіп, дайындықтың барлық сатысынан өтті.
Оның жетістіктері:
2024 жылғы мамырда 15 жасында Сатпаев негізгі командада дебют жасап, «Қайрат» тарихындағы ең жас ойыншы атанды.