Олар – алты адам, Абай және Алматы облыстарының тұрғындары
Алматыда пәтер тонауды кәсібіне айналдырған топ Медеу ауданында қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Осыдан біраз уақыт бұрын олар Қажымұқан көшесіндегі үйлердің бірінің иелерінің мүлкін ұрлап кеткен.
«Қаскөйлер бөтен біреудің үйіне терезе арқылы кірді. Ол жерден алтын бұйымдарды ұрлап кеткен. Күдіктілер ұсталып, қамауға алынды. Олар – алты адам, Абай және Алматы облыстарының тұрғындары. Қазіргі уақытта бұл дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандардың жеке басы басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексерілуде», - деді, Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция Басқармасының бастығы Талант Исаев.
ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.