Дональд Трамп жарлыққа қол қою жағынан АҚШ тарихындағы президенттердің бәрін басып озды

Автор: Аягөз Құрмаш

АҚШ маңызды өзгерістер енгізіп жатыр

Фото: ВВС

АҚШ президенті Дональд Трамп өз әкімшілігінің алғашқы 100 күнінде қабылдаған президенттік жарлықтардың саны бойынша рекорд орнатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 «2020 жылдың 20 қаңтарында инаугурациясынан бері Трамп рекордтық көлемдегі жарлықтарға қол қойды. Бұл жарлықтар АҚШ-тың ішкі және сыртқы саясатындағы басымдықтарды қайта қарап, маңызды өзгерістер енгізді», — делінген телеарна материалында.

ABC News телеарнасы хабарлағандай, 47-ші президент Дональд Трамп бұл кезеңде 54 жарлық қабылдап, АҚШ тарихындағы ең жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Бұған дейін бұл рекорд Гарри Трумэнге тиесілі болған. Трумэн 1945-1953 жылдар аралығында елді басқарған кезінде осынша құжатқа қол қойған еді.