Оқу-жаттығу жиыны 10-18 ақпан күндері өтеді
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әли Әлиев оқу-жаттығу жиынын Түркияда өткізетін болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚФФ мәліметінше, оқу-жаттығу жиыны 10-18 ақпан күндері Түркияның Белек қаласында өтеді. Жиынның негізгі мақсаты – ұлттық құрамаға үміткерлерді қарау. Сол себепті бапкерлік штаб бұл жиынға ұлттық құрамаға үміткерлер мен жас ойыншыларды шақырды.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы ӘЧ-2026 іріктеу кезеңін 22 наурыз күні сырт алаңда Уэльске қарсы ойынмен бастайды. Үш күннен соң Лихтенштейнмен кездесеміз. Екі ойын да сырт алаңда өтеді.