Ол полицияға үш нөмір арқылы забарлаған
Ресейдің Санкт-Петербург қаласында 10 жастағы оқушы 700-ден астам мектепке бомба қойылғаны туралы полицияға айтқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
78.ru мәліметінше, Telegram арқылы танысқан досының өтінішімен полицияға осындай жалған хабарлама берген.
Дереккөздің хабарлауынша, ақпанның 4-і күні полицияға қаладағы 709 мектепке бомба қойылғаны туралы үш нөмірден қоңырау түскен.
Мекемелерді тексеру нәтижесінде жарылғыш заттар табылмаған.
Тәртіп сақшылары нөмірлердің бірі кронштадтық 10 жасар Владиславқа тиесілі екенін анықтады.
Материалдар тергеуге жіберілді. Қылмыстық іс қозғау мәселесі шешіліп жатыр