Оқиға ақпанның 8-інен 9-ына қараған түні болған
Оқиға Алматыда болған. Ақпанның 8-інен 9-ына қараған түні Түрксіб ауданында қоғамдық көлік ұрланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қылмыстың куәгерлері болған оқиғаны видеоға түсіріп алған. Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Күдікті оқиға орнында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.
Қылмыскердің кім екені және мақсаты туралы әзірге белгісіз. Оқиға бойынша мәліметтер тергеу аяқталған соң белгілі болады.