Алған соққыдан курьер қатты жараланған
Түркияның Ыстамбұл қаласында көлік жүргізушісі мопедтегі курьермен сөзге келіп қалып, оны соғып, алдында тұрған көлікке жаншып тастады. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Haberler.com-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Олар жолға таласып қалып, курьер автокөліктің айнасын ұрып кеткен. Жанжалдың басы осыдан басталыпты. Осы оқиғадан кейін көлік жүргізушісі оқиға орнынан ізін суытпақ болып, маңайындағы бірнеше көлікті сырып кеткен. Алайда, көпке ұзамай жүргізуші қолға түсті.
Аталмыш басылымның мәліметінше, алған соққыдан курьер қатты жараланған. Оның жағдайы әзірге белгісіз.