Желі қолданушылары бауырына қамқор болған балаға жылы лебіздерін білдірді
Желіде ағасының інісіне қамқорлығы туралы таралған видео жұрттың жүрегін елжіретті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видеода анасының кішкентай сәбиіне ұрысқанын, артынша оның ағасына жылап, шағымданып жатқанын байқауға болады.
«Ініме ұрысқаның не? Ол бұзық емес, ақылды, ұрыспа. Бұзық болса, өзім ұрсамын. Неге ұрса бересің?» - дейді видеодағы балақай.
Желі қолданушылары бауырына қамқор болған балаға жылы лебіздерін білдірді.
«Жаным, аға болған түріңнен сенің. Ініме ұрысқаның не деп келіп тұр ғой», «Ағасы бардың жағасы бар, деген осы», «Құдай бере салған! Бауырмалдар, тіл-көзден аман болсын!», «Өмір бақи тату-тәтті болып жүрсін! Үлкен жігіттердің, абыройлы жігіттердің қатарынан болсын», - деп жазды желі қолданушылары.