Видео әлеуметтік желіде жылдам тарап кетті
Қалыңдықтың ұзату тойындағы сыңсу кезінде даяшылар пародия жасап, жұртты күлдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видео әлеуметтік желіде жылдам тарап кетті. Тойдың қай өңірде болғаны белгісіз. Алайда видеоның жазуына көңіл бөлсек, қалыңдықтың ағалары жариялағанын байқауға болады.
Ал желі қолданушылары даяшылардың пародиясы әбден күлдіргенін жазып жатты.
«Визуализация, екеуі үйленгісі кеп жүр-ау», «Олар күнде тойда үйреніп қалған ғой», «Керемет, артық ешнәрсе көріп тұрған жоқпын», «Қайғы-мұң болып жаткан жоқ қой, билей берсін. Сіздер ғой қимай тұрған, бірақ бұларға бәрібір ғой», - деп жазды желі қолданушылары.