Синоптиктер болжамы жарияланды
«Қазгидромет» РМК 9 қаңтарға арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің мәліметінше, Абай ауданының батысында, солтүстігінде және орталығында қар жауып, бұрқасын болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел екпіні: 15-20 м/с.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында қарлы боран болады. Жел екпіні: 15-20 м/с, Мұғалжар ауданында кей жерлерде 23 м/с.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман болады. Желдің екпіні: 15-18 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында қар жауып, бұрқасын болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде тұман болады.
Жамбыл облысының таулы аймақтарында тұман болуы мүмкін. Желдің екпіні: 15-20 м/с, түнде: 23 м/с.
Жетісу облысының таулы аймақтарында кей жерлерде тұман күтіледі. Желдің екпіні: 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының батысында және оңтүстігінде тұман күтіледі. Желдің екпіні: 15-20 м/с.
Қарағанды облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман болуы ықтимал.
Қостанай облысының оңтүстігінде бұрқасын болуы мүмкін. Облыстың солтүстігі мен шығысын тұман басады. Желдің екпіні: 15-20 м/с.
Қызылорда облысының орталығы мен шығысында көктайғақ, тұман болады.
Павлодар облысының оңтүстігінде жел соғады, екпіні: 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман болады. Күндіз облыстың батыс бөлігінде көктайғақ күтіледі. Желдің екпіні: 15-20 м/с.
Ұлытау облысында желдің екпіні 15-20 м/с болады.