Астанада 15 жастағы қыз бала із-түзсіз жоғалып кетті

Автор: Мөлдір Қазыбай

Куәгерлер оны соңғы рет Республика даңғылы мен Кенесары көшесінің қиылысында көрген

Фото: istockphoto.com

Елордада із-түзсіз жоғалып кеткен 15 жастағы 9-сынып оқушысына іздеу жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қыз баланы соңғы рет 7 ақпан күні сағат 22:00 шамасында Республика даңғылы мен Кенесары көшесінің қиылысында орналасқан Халық банкі бөлімшесінің жанында көрген.

Жоғалған қыз баланың белгілері:

  • Бойы – 170 см;
  • Арықша келген;
  • Қара шашты, қоңыр көзді.

Үстінде ақ күртеше, күлгін қалпақ, қара шалбар және етік киген. Туыстарының айтуынша, қыз бала қайда жүргенін білмеуі мүмкін.

Оның қайда жүргенін білетін адам мына нөмірлерге хабарласқаны жөн: +7 775 912 66 20, +7 775 915 13 38, 102 (полиция).