Іле Алатауында 3,5 км биіктегі үңгірге шыққан адам аяғын сындырып, төмен түсе алмай қалды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Құтқарушылар оны «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортына дейін жеткізді

Фото: ҚР ТЖМ

Іле Алатауында 3,5 км биікке шыққан адам аяғын сындырып, салдарынан төмен түсе алмай қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҚР ТЖМ мәліметінше, Іле Алатауы тауларында, Богданович мұздығының маңындағы тау үңгірінің жанында адам жарақат алғаны туралы хабарлама келіп түсті.

«Тез арада ТЖМ «РЖҚЖ» жедел тобының шықты. Құтқарушылар теңіз деңгейінен 3500 метр биіктікте зардап шегушіні тауып алды. Оның сол аяғы сынған.

Оқиға орнында құтқарушылар қажетті медициналық көмек көрсетті. ТЖМ РЖҚЖ мен Алматы қаласы құтқару қызметі құтқарушыларының бірлескен күш-жігерімен зардап шегушіні «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортына дейін тасымалдады. Ары қарай медициналық көмек көрсету үшін ТЖМ АМО қызметкерлеріне берілді.

Қазақстанның ТЖМ таулы жерлерде жүру кезінде сақтық шараларын сақтау қажеттігін еске салады. Туристерге ауа райы жағдайларын ескеру, керек-жарақтарды дұрыс таңдау және құтқару қызметтерін көтерілу бағыты туралы алдын ала хабардар ету ұсынылады», - делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.