Имамның сөзін белгілі әнші Ернар Айдар концерттерінің бірінде жұртқа жеткізді
Танымал имам Нұрлан Байжігітұлының әулие туралы айтқан сөзі жұртты жылатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Имамның сөзін белгілі әнші Ернар Айдар концерттерінің бірінде тілге тиек етіп, жұртқа жеткізді.
«Тікелей эфирде отырса, Нұрлан имамға «Әулие деген кім?» деп сұрақ қояды. Сонда Нұрлан ағамыз былай дейді: «Шырағым, сен үшін күн демей, түн демей, дұға етіп, атқа отырсаң, тақымыңды қысып, үйіңде әкеңнің шаңырағының отын сөндірмей отырған анаң – ең нағыз әулие», - деп Ернар Айдар имамның сөзін келтіріп өтті.
Нұрлан имам видеоны өз парақшасында жариялағаннан кейін желі қолданушылары түрлі пікір білдірді.
«Анамызды қадірлейік», «Әр шаңырақтың қос әулиесі аман болсын, сау жүрсін, әумин!», «Әумин! Перзенттеріміз адал болсын, адал жар жолықсын», «Ата ананың қартайған шағында солардың тілеуін тілеп, шүкір деп отыратын кез болсын», - деп жазды желі қолданушылары.