Арқалықта көмекке мұқтаж науқастар ауа райына байланысты ауруханаға жете алмай қалды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Құтқарушылар дәрігерлерге науқастарды жеткізуге көмектесті

Фото: ҚР ТЖМ

Арқалықта көмекке мұқтаж науқастар ауа райының қолайсыздығына байланысты ауруханаға жете алмай қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қостанай облысында ауа райының қолайсыздығынан медициналық қызметкерлер елді мекендегі науқастарға жете алмай, ТЖМ құтқарушылары көмек көрсетті.

«Көктау ауылында құтқарушылардың күшімен медициналық көмекке мұқтаж екі жергілікті әйел орталық аудандық ауруханаға жеткізілді.

Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында науқастар дер кезінде емдеу мекемесіне жеткізілді», - делінген ТЖМ хабарламасында.