Қостанай облысында арнайы профилактикалық іс-шара өтіп жатыр
Қостанайда шетелдік нөмірмен жүрген көліктерді тексеру күшейді, нәтижесінде ондаған жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық ПД мәліметінше, 7-8 ақпан аралығында «Шетелдік көлік» атты жедел-профилактикалық іс-шара өтіп жатыр.
Іс-шараның мақсаты – шетелдік нөмірлері бар автокөліктердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының санын азайту, көлік тәртібін арттыру және шетелде тіркелген көлік құралдарымен болатын бұзушылықтардың жолын кесу болды.
«Шара аясында 10 автопатруль жұмылдырылды, олар шетелдік тіркеуі бар автокөлік иелерінің жол қозғалысы ережелерін сақтауын тексеруді жүзеге асырды.
Тексеру барысында көлік құралдарының техникалық жай-күйіне қатысты 22 бұзушылық, сондай-ақ автокөлікті тұраққа дұрыс қоймау және міндетті құжаттардың болмау жағдайлары анықталды», - делінген ПД хабарламасында.