Бұл қаражат Талдықорған қаласының судьясына арналғаны туралы ақпарат тарады
Жетісу облысында Ақсу ауданының судьясы Нұрлан Шаймерденовтің жарты млн теңге парамен ұсталғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
HALYQSTAN Telegram каналының мәліметінше, тергеу жұмысына сәйкес, бұл қаражат Талдықорғандағы қалалық соттың судьясына 106-бап бойынша бір іске қатысты «тиімді» шешім шығаруға арналған.
«Құқық қорғау органдарының қызметкерлері бұл «сәлемдемені» орта жолдан қағып алды. Ал Шаймерденовтің өзі ұсталды», - деп жазды аталмыш Telegram канал.