Ол бойжеткеннің аяғын тартып айналдырмақ болғандай әсер қалдырды
Тойда бойжеткенмен билеп, ерсі қылық жасаған ер адам жұрттың ашуына ұшырады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ер адам қасындағы бойжеткеннің аяғын тартып айналдырмақ болғандай әсер қалдырды.
Оның бұл әрекетін желі қолданушылары қатаң сынға алды.
«Есі дұрыс па мынаның? Аяғында несі бар? Қыз, жарайсың, аяғыңнан шалса да құламайтын, өркеуде аруым», «Қыз мықты екен, құлаған жоқ», «Қасында қарап тұрған еркектер неге мәз болып тұр», «Қыздың аяғын сындыра жаздады ғой», «Мақсаты құлату болғаны анық», «Есі дұрыс па? Мас қой шамасы», - деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, жуырда тойлардың бірінде шетел тіліндегі әнге билеген әже жұрттың сынына ұшыраған болатын.