Оның 3 жыл 6 айға бас бостандығы шектеледі
Ақтауда №39 «Хиуаз бөбекжай» балабақшасының есепшісі бюджет қаражатын заңсыз иемденгені үшін сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қалалық прокуратураның тексерісі барысында есепші мекеме директорының атынан банк құжаттарына қол қойып, өзінің есепшоттарына мемлекет бюджетінен 9 миллион теңгеден астам қаражат аударғаны анықталды.
Соттың үкімімен ол Қылмыстық кодекстің 189-бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.