Бұған дейін зертханалар COVID-19-ға тәулігіне 4000 тест алатын
Қазақстан зертханалары COVID-19-ға тәулігіне 25 мыңға дейін тест ала алады, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Денсаулық сақтау министрі бүгінгі таңда ауруды эпидемиологиялық түрде қадағалауға мүмкіндік беретін профилактикалық тестілеу жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Сонымен қатар Елжан Біртанов Президент тапсырмасы бойынша зертханалардың мүмкіндіктері күшейтілгенін хабарлады.
Қазіргі таңда зертханалар тәулігіне 25 мыңға дейін тест ала алады, ал бұған дейін зертханалар коронавирус инфекциясына тәулігіне 4 мың тест алудан бастаған еді.