Нұрлан имам алдағы уақытта Моңғолияға ресми сапармен барады
Қазақстандық дін қызметкері Нұрлан имам Моңғолияның бұрынғы президенті Намбарын Энхбаярмен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кездесу барысында олар ортақ мәселелерді талқылап, пікір алмасты. Нұрлан имам Моңғолияның Бас мүфтиі Хадисын Батырбекпен бірге оқығанын атап өтті және Энхбаяр мырзаның қонақ болуға шақырғанын айтты.
«Моңғолияның Бас Мүфтиі Хадисын Батырбек хазіретпен бірге оқығанымды айттым, қонақ болуға шақырды. Тыңдармандарымның Баян Өлгей аймағында көп екенін қуана жеткіздім. Бұйырса, осы елге алдағы уақытта ресми сапар болмақ…», – деп жазды имам.