Қайрат Нұртастың ұлы неден қорқатынын айтты

Автор: Асыл Арман

Әншінің ұлы қазір 8-сыныпта оқиды

Фото: instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Әнші Қайрат Нұртастың ұлы кішірек күнінде не нәрседен қорыққанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әншінің әйелі, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова айына бір күн балаларымен кез келген тақырыпта ашық сырласатынын айтып, балаларымен өткізген уақытынан үзінді жариялады.

«Бастауыш сыныптарда оқып жүргенімде үшінші қабатқа көтерілуден қорқатынмын. Ол жақта жоғары сынып оқушылары жүреді, олар мықты шығар деп ойлайтынмын. Ал қазіргі балалар тым өжет екенін байқаймын», - дейді Нарұл Қайратұлы.

Әншінің ұлы қазір 8-сыныпта оқиды.

«Төртеуі де өздерін мазалаған, ойландырған, ұнатқан, қарсы болған жайттарын ортаға салды. Тіпті әлемдік саясат та тыс қалмады.

Мен қажет жерінде кеңес бердім, үндемей қалатын жерде өзімді ұстап қалдым. Ал қаталдық танытатын мәселеде үнсіз қалмауға тырыстым. Бұл – біздің дәстүр, ай сайынғы өзара ашық алаң», - деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.